31 наурыз 2021 12:00

Дональд пен Мелания Трампты тойға қалай шақыруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/FLOTUS45 © twitter.com/FLOTUS45

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен бұрынғы бірінші ханымы Мелания Трампты енді түрлі іс-шараға қонаққа шақыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad-ке сілтеме жасап. 


АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен бұрынғы бірінші ханымы Мелания Трампты енді түрлі іс-шараға қонаққа шақыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad-ке сілтеме жасап. 

Бұрынғы президенттік жұптың жаңа жеке 45office.com сайтында оларға қандай да бір қоғамдық іс-шараға шақыру қағазын жіберуге немесе құттықтау сұратуға мүмкіндік бар.

Ол үшін іс-шараның сипаттамасы, келушілер саны, күні мен орнын жазу керек. 

Ерлі-зайыптыны туған күндерге, зейнетке шығу кештеріне, үйлену тойлары мен мерейтойларға, оқу бітіру кештеріне, жаңа туған нәрестеге немесе тіпті жерлеу рәсіміне көңіл айту үшін шақыруға болады. Бұл тек АҚШ-та емес, басқа елдерде де. Сайтта қызмет үшін қандай да бір төлем туралы жазылмаған, алайда ақша жағы брондау кезінде кейінірек ашылуы мүмкін.

Дональд пен Мелания Трампты шын өмірде көрумен қатар, сайт жеке сәлемдесу мен пайдаланушыларға олармен "өз ойын бөлісу" мүмкіндігін ұсынады.

Еске салайық, АҚШ-тың 45-іші президенті Дональд Трамп жары Меланиямен бірге өз жақтастары үшін жаңа сайт ашты. Сайттың басты бетінде Дональд Трамптың кеңсесі "Трамп әкімшілігінің керемет мұрасын сақтауға тырысады" делінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети