17 қыркүйек 2014 09:38

Эбола безгегі індеті бақылауға келмей барады - Обама

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама Эбола безгегі індетінің бағынбай бара жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Барак Обама Эбола безгегі індетінің бағынбай бара жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ахуал бақылауға келмей бара жатыр. Жағдай нашарлап барады. Індет тез таралып отыр. Бүгінде Батыс Африкада ауруды мың адам адам жұқтырды. Бұл көрсеткіш он мыңдаған адамға дейін көбеюі мүмкін", - деді Обама Джорджия штатында, Атлантадағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталықты аралап көріп, онда денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездескеннен кейін. 

Обаманың айтуынша, америкалық сарапшылар АҚШ-та Эбола безгегі індетінің туу мүмкіндігі аз деп есептейді. Бұған дейін АҚШ-тың Батыс Африкадағы Эбола безгегіне қарсы күреске үш мыңға жуық сарбаз жіберетіні хабарланған болатын.

Эбола безгегі індеті осы жылдың ақпан айында Батыс Африка аумағында тарай бастады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымының соңғы мәліметтеріне қарағанда, Эбола безгегі құрбандарының саны 2,4 мың адамнан асқан, ауруды тағы 4700 адам жұқтырды. Денсаулық сақтау ұйымы мамандары безгектің жаңа деректері санының "геометриялық прогрессия бойынша" көбейіп бара жатқанын айтты. Аурудан өліп кету көрсеткіші 53 пайызға тең. Бұл вирусқа қарсы тиімді вакцина әзірше жоқ. 

Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети