26 маусым 2023 17:30

Ердоған: "Ресейдегі қақтығыс Украинадағы гуманитарлық апатқа әкелуі мүмкін"

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдегі Пригожин көтерілісі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Milliyet сайтына сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдегі Пригожин көтерілісі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Milliyet сайтына сілтеме жасап.

Президент кеңсесінің мәліметінше, кездесуде Ресейдегі соңғы оқиғалар талқыланған. Түркия басшысының айтуынша, "Вагнер" тобының басшысы Евгений Пригожиннің көтерілісі "Украинадағы гуманитарлық апатқа" әкелуі мүмкін.

"Ресейдегі жағдайдың ушығуы Украинадағы қайтымсыз гуманитарлық апатқа әкеледі", - делінген Хабертүрк мәлімдемесінде.

Хабарламада "Украинадағы гуманитарлық апат" нені білдіретіні және Вагнер көтерілісі бұған қалай әсер етілетіні түсіндірілмеген.

Столтенберг, Ресейдегі оқиғалардың Украинадағы бейбітшілік жолындағы жаңа белеске айналуын тіледі.

Швецияның НАТО-ға мүшелігі талқыланған жиында Түркияның Швецияның мүшелігіне қатысты сындарлы көзқарасының сақталып отырғаны айтылды.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Ресейде қарулы көтеріліс жарияланған болатын. Вагнер жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинның айтуынша, Ресей Қорғаныс министрлігі Вагнер жеке әскери компания жойғыштарының орналасқан жеріне зымырандық шабуылдар жасағаннан кейін "әділет маршын" бастаған. Ресейдің ресми билігі зымыран соққылары туралы ақпарат "шындыққа сәйкес келмейді және ақпараттық арандатушылық" деп жауап берді.

24 маусымда түстен кейін жеке әскери компания жауынгерлері Дон бойындағы Ростов қаласындағы барлық әскери нысандарын басып алып, кешке Мәскеуге қарай аттанды. Ресей президенті Владимир Путин Пригожиннің әрекетін "арқадан соққы" деп атады.

Лукашенкомен сөйлескеннен кейін Пригожин әскерлерін шығарып, жауынгерлік қатарды ұйымдастыруды ұйғарды.

Евгений Пригожиннің кім екені және Вагнер жеке әскери компания мен Ресей қорғаныс министрлігі арасында неліктен қақтығыс болғаны туралы толығырақ сілтемедегі материалдан оқи аласыз.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери тәртіпсіздік басталғаннан бері алғаш рет халық алдына шықты. Ресейлік БАҚ Шойгудың батыстағы әскерлер тобының алдыңғы командалық пунктін тексергені туралы ақпаратты жариялады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети