15 тамыз 2022 08:34

Еревандағы жарылыстан 50 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ереванда сауда орталығында жарылыс болып, 50 адам жараланды. Бір адам қаза болды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ереванда сауда орталығында жарылыс болып, 50 адам жараланды. Бір адам қаза болды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Олар медициналық көмекке зәру.
Сауда орталығында болған жойқын жарылыстан кейін өрт шықты. Қызыл жалын пиротехника сақталған қойманы да шарпыды. Бірнеше жарылыстардан кейін сауда ғиамараты опырылып түсті", - делінген хабарламада.

Елдегі Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысының айтуынша, үйінділер астында адамдар бар. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін екі жүзден астам құтқарушы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.

Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жараланғандар "Армения", "Эребуни", "№ 1 университет ауруханасы", "Сурб Аствацамайр", "Шенгавит" және "Измирлян" медициналық орталықтарына жатқызылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети