Ешкім де сене алар емес - Жаңа Зеландияда тұрып жатқан қазақстандық

15 Наурыз, 17:43
0
Фото:instagram.com/stargazete
Фото:instagram.com/stargazete

Жаңазеландиялықтар Крайстчерч қаласындағы лаңкестік шабуылға әлі сене алар емес. Елдегі жағдай туралы қазақстандық Николай Михальчук айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Михальчук бір жылдан аса уақыт бойы отбасымен бірге Жаңа Зеландияда тұрып жатыр екен.

"Бәрі тұнжыраңқы көңіл-күймен жүр, бұл шағын ғана ел ғой. Оқиға жайында жұмыста отырғанымда білдім. Ешкім де сене алар емес. Бұл, әрине, сұмдық, Жаңа Зеландияға тән нәрсе емес. Зор қайғы. Бұл - барлық дінге, бәріне де толерантты ел", - деді Николай Михальчук.

Оның айтуынша, полиция тұрғындардан үйлеріне тезірек оралуды сұрап жатыр.

"Веллингтонға (Жаңа Зеландия астанасы -авт.) жақын тұрамын. Бұл - бөлек арал. Мұнда екі арал бар. Ал Крайстчерч пен Линвуд оңтүстік аралдың шығыс жағалауында орналасқан. Бәрі сол жақта болды. Линвуд - Крайстчерчтің маңындағы шағын қала. Мұнда бір-біріне жақын орналасқан қалалар өте көп. Жаңалықты естіген кезде отбасымды көру үшін тезірек үйге оралдым. Балаларым мектеп пен балабақшадан келді. Тұрғындар үйлеріне тезірек қайтуға тырысып жатыр", - деді Михальчук.

Ол көшеде патрульді көліктердің әдеттегіден көп екенін айтты.

"Жаңалықтар сәт сайын түсіп жатыр, премьер-министр ел алдында сөз сөйледі. Бәрі радионы қосып қойған, жағдайды бақылап отыр. Бұл қала үшін үлкен қайғы, жақында сол жақта жер сілкінісі болған. Қазір оңтүстік аралда қызылша індеті болып жатыр. Тек жаман жаңалықтар", - деді қазақстандық.

Жаңа Зеландияда мешітте атыс болып, 10 адам қаза тапты

"Жаңазеландиялықтар барлық дінге үлкен құрметпен қарайды. Протестант шіркеулері мұсылмандарға есік ашып жатқанын естідім. Бәрін жаңалықтардан хабарлап жатыр. Бәрін ұйымдастырған адам Австралиядан екенін естідік. Бәрі кейінірек белгілі болады. Ресми ақпараттар сәт сайын келіп жатыр", - деді Николай Михальчук.

Тікелей эфирде оқ жаудырған. Жаңа Зеландиядағы оқиға

Бұған дейін Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласының екі мешітінде атыс болғаны хабарланған еді. Нәтижесінде 49 адам қаза тапты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай