30 шілде 2022 16:42

Еуропада маймыл шешегінен алғашқы өлім жағдайы тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: CNN Фото: CNN

Еуропада маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі Испанияда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Mundo басылымына сілтеме жасап.


Еуропада маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі Испанияда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Mundo басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Валенсия аймағында тіркелген. Адам өлімінің нақты себептері әлі нақтыланбағаны атап өтілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге шешекпен байланысты энцефалит себеп болған.

Бұған дейін Бразилия маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі дерегі тіркелгенін растады. 41 жастағы марқұмның иммунитетінде күрделі проблемалар болғаны айтылған.

Еске салайық, 29 шілдеде Нью-Йоркте маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды. Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул Нью-Йорк штатындағы маймыл шешегі індеті туралы соңғы деректерді қарап шыққаннан кейін, осы індетке қарсы күш-жігерді нығайту үшін ТЖ енгізуге мәжбүр екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети