29 қазан 2020 09:25

Франция мен Германияда жалпыұлттық карантин енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Францияда коронавирус эпидемиясының ушығуына байланысты 30 қазанға қараған түннен бастап 1 желтоқсанға дейін жалпыұлттық карантин енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.


Францияда коронавирус эпидемиясының ушығуына байланысты 30 қазанға қараған түннен бастап 1 желтоқсанға дейін жалпыұлттық карантин енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Мұны сәрсенбі кешке республика президенті телеүндеу арқылы жариялады. 

Тұрғындарға тек бірінші кезектегі керек заттарын алуға, жұмысқа, туыстарына баруға, қажет болмаса үйден шықпауға кеңес берілді. Көктемдегі карантиннен ерекшелігі - балабақша мен мектептер ашық болады. Студенттерге мүмкіндігінше қашықтан оқу ұсынылды. Мейрамхана, бар, сауда орындары және алғашқы қажеттілікке жатпайтындар тізіміне кіретін мекемелер жабылады.

"Коронавирус Еуропаны тағы әуреге салды. Испания, Ирландия, Нидерланды сияқты кейбір ел қатаң шараны ертелеу қабылдады. Дегенмен бүгін бәріміз бір орынға келдік: екінші толқынға тап болдық. Бұл біріншіге қарағанда ауқымды және адам өлімі көп болуы мүмкін деп болжап отырмыз", - деді Макрон.

Ал Германияда 2 қарашадан бастап ай соңына дейін шектеулі локдаун енгізіледі деп жазады Deutsche Welle

Соңғы 10 күнде неміс клиникаларының интенсив терапия бөлімінде науқастар саны екі есе көбейді, 9 күнде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған адамдар саны да екі есе артты. Германия канцлері Ангела Меркель осының негізінде локдаун жариялау керегін айтты. 

Тұрғындарға көшеде, пәтерде, үйде кездесу өткізуге және мереке атап өтуге болмайды. Билік алдағы айда туыстарға бармауға кеңес берді. 

Елде театрлар, кино, концерт залдары, көрме, ойын салондары, казино, ойын-сауық орындары, бассейндер жабылды. Тек таза ауада жаттығу жасауға болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети