24 қараша 2020 08:58

Францияда экс-президент Николя Саркози соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николя Саркози. Фото: Charles Platiau / Reters Николя Саркози. Фото: Charles Platiau / Reters

Францияның бұрынғы предиденті Николя Саркози сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFM TV арнасына сілтеме жасап.


Францияның бұрынғы предиденті Николя Саркози сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFM TV арнасына сілтеме жасап.

Франциялық телеарнаның мәліметінше, 65 жастағы саясаткер жемқорлыққа және саудаға ықпал етуге байланысты айыпталып отыр. Бұрынғы президентпен бірге оның қорғаушысы Тьерри Эрзог және Кассациялық соттың жоғары лауазымды қызметкері Жильбер Азибер де іске қатысы бар деп сотталып жатыр. Сот отырысы 10 желтоқсанға дейін жалғасу керек.

Тергеушілер экс-президент өзінің бұрынғы қорғаушысы арқылы Азиберге Монакода лауазымды қызмет уәде етуі мүмкін деп есептейді. Ал ол жауап ретінде басқа тергеу туралы ақпаратты ұсыну керек болатын. Бұрынғы президентке қажет ақпарат: франциялық L'Oreal компаниясының мұрагері Лилиан Беттенкур тарапынан 2007 жылы Саркозидің президенттік кампаниясын заңсыз қаржыландыруға айыптау болатын.

Тергеушілер Саркози Беттанкурмен кездесіп, одан 150 мың еуроны қолма-қол алғанын айтады. Франция заңнамасына сәйкес президенттікке үміткерлер 4,6 мың еуродан артық қайырымдылықты қабылдауға тыйым салынған. 

Саркози өзін кінәлімін деп есептемейді, ол Азибер Монакодан ешқандай лауазым алмағанын айтады. 

Егер олардың кінәсі анықталса, сот бір миллион еуро айыппұл салып, он жылға қамауы мүмкін.

Еске салайық, Николя Саркози 2007 жылдан 2012 жылға дейін Франция президенті болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети