06 тамыз 2021 07:53

Францияда сот міндетті вакцинацияны заңды деп тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Францияның Конституциялық соты міндетті вакцинация мен "денсаулық паспорттарын" енгізуді заңды деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.


Францияның Конституциялық соты міндетті вакцинация мен "денсаулық паспорттарын" енгізуді заңды деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Сот Үкіметтің карантинге қатысты кейінгі ұсыныстарын, соның ішінде кейбір сала қызметкерлеріне ғана міндетті вакциналауды заңды деп тапты.

Алайда судьялар вакциналаудан бас тартқан қызметкерлермен келісімшарты бұзу мен коронавирус жұқтырған жағдайда міндетті түрде өзін-өзі оқшаулауды конституцияға сай емес дейді.

Сондай-ақ, сот мейрамханалар мен сауда орталықтарына кедергісіз кіруге мүмкіндік беретін "денсаулық паспорттарын" іске қосуды қолдады.

Бұған дейін 12 шілдеде Франция президенті медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакциналау туралы қаулы жариялады, сондай-ақ 21 шілдеден бастап теріс ПТР-тестсіз және толық вакцинациясыз кинотеатрларға, барларға, СОО-ға баруға және пойыздар мен ұшақтарға билеттер сатып алуға болмайтынын хабарлады. Осыдан кейін елде наразылықтар басталды. Францияның барлық қаласында наразылық акциясына 200 мыңнан астам адам шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети