1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Германияда карантинді бұзғандар арнайы мекемеге жіберіледі - БАҚ 16 қаңтар 2021, 17:59

Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін "күштеп орналастыру мекемесі" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін "күштеп орналастыру мекемесі" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Дереккөз мәліметінше, Саксония билігі осы бастаманы қолға алмақ. Ережеге бағынбағандардың Дрезден қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына жіберілетіні айтылады. Бұл мекеме 2017 жылы салынған екен. Билік оны қайта жабдықтау жағын қарастырып жатыр.

Мекеме төңірегі қоршалған. Оны полицейлер бақылап отырады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл мекемеге карантин ережелерін бірнеше рет бұзғандар ғана күштеп орналастырылады. Саксонияның денсаулық сақтау министрі ұқсас бастаманы былтыр да көтерген еді. Бірақ ол кезде карантин ережелерін елемегендерді психиатриялық емханаларға не қонақүй мен ауруханаға жіберу ұсынылған. Алайда билік бұл идеяны құптамаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!