29 наурыз 2021 09:52

Германияда вакцина төтеп бере алмайтын коронавирус штамы пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Германияда вакцина төтеп бере алмайтын коронавирус инфекциясының жаңа мутациялары пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Германияда вакцина төтеп бере алмайтын коронавирус инфекциясының жаңа мутациялары пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Федерал канцлер кеңсесінің басшысы және ГФР ерекше тапсырмалар жөніндегі министрі Хельге Браун коронавирус жұқтырғандар саны вакцинация кезінде қатар өсе бастаса, қолданыстағы вакциналар төтеп бере алмайтын коронавирустың жаңа мутациясы пайда болуы мүмкін екенін айтады. Мұндай жағдайда жаңа вакциналар қажет болады.  

Хельге Браун "мұндай жағдайды болдырмау керегін" атап өтті. Ол коронавирусқа байланысты бүгінгі жағдайды "пандемияның ең ауыр кезеңі" деп бағалады. 

Айта кетейік, Германияда коронавирустың үшінші толқыны ақпанда басталған. Артынша 28 наурызда елде туристерге кіруге арналған ережені қатаңдатты. Қазақстан азаматтарына Германияға кей жағдайда ғана (бала туу, үйлену той, жерлеу рәсімі) және тек жақын туыстарға келуге рұқсат етілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети