17 маусым 2021 12:00

Германиядағы baby-boom: 23 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Германияда пандемия кезінде соңғы 20 жылдағы туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Infodig сайтына сілтеме жасап. 


Германияда пандемия кезінде соңғы 20 жылдағы туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Infodig сайтына сілтеме жасап. 

Висбадендегі Федералды статистика агенттігі 2021 жылдың наурызында Германияда 66 мыңға жуық нәресте дүниеге келгенін хабарлады. Соңғы рет дүниеге келген нәрестелер саны 65 мыңнан 1998 жылы наурызда асқан.

Алайда мамандардың айтуынша, мұндай бэби-бум пандемия мен оған байланысты шектеулерден емес, керісінше, былтыр мамырдағы бірінші локдауннан кейінгі жеңілдетулерден болған. Олар туу деңгейі 2021 жылдың ақпанынан бастап өскенін атап өтті. Бірақ жылдың басында көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз болған, бұл неміс мамандарына мұндай нәтижеге локдаун әкелмеді деп айтуға негіз береді.

Еске салайық, 2020 жыл Қазақстанда да жаңа туған нәрестелер саны бойынша рекорд орнатты: шамамен 460 мың сәби дүниеге келді. Алайда кейбір елде пандемия теріс ыпалын тигізді. Мысалы, АҚШ-та туу деңгейі былтыр 4 пайызға төмендеді, бұл шамамен 50 жыл ішіндегі ең нашар көрсеткіш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети