30 желтоқсан 2020 14:45

Instagram-да 2020 жылғы ең танымал жазба аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінде 2020 жылғы ең танымал жазба аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail. басылымына сілтеме жасап.


Instagram желісінде 2020 жылғы ең танымал жазба аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail. басылымына сілтеме жасап.

Танымал футболшы Криштиану Роналдудың посты Instagram желісінде ең танымал деп аталды. "Ювентус" ойыншысы бұған дейін де 200 миллион оқырманы бар алғашқы адам болып Instagram тарихына енген. Ол әзірше осы мөлшерден асқан жалғыз адам болып отыр. Тек Instagram желісінің өз парақшасына одан көп адам жазылған.

Криштиану Роналду Диего Марадона қайтыс болғаннан кейін 25 қарашада атақты футболшыға деген құрметін көрсетіп, онымен түскен фотосын жариялады. Бұл пост 19,6 миллион лайк жинады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Танымалдығы жағынан екінші орында америкалық актер Чедвик Боузманның қазасы туралы хабарлама болды. "Қара қабылан" фильмі актерінің ақ-қара түсті фотосы 19,1 миллион адамға ұнаған. Пост оның өз парақшасында жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Chadwick Boseman (@chadwickboseman)

Лионель Мессидің Диего Марадонамен түскен фотосы 16,3 миллион лайк жинап, үшінші орын алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети