10 шілде 2014 09:30

Ирак жасақшылары ядролық материалдарды қолға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» жасақшылары.  Reuters «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» жасақшылары. Reuters

Иракта ғылыми-зерттеу институтында пайдаланатын ядролық материалдар терроршылардың қолына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иракта ғылыми-зерттеу институтында пайдаланатын ядролық материалдар терроршылардың қолына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бұл оқиға жайлы Ирак билігі БҰҰ-ға ресми түрде хабарлаған. БҰҰ-дағы Ирак елшісі Әли әл-Хакімнің айтуынша, Мосула университетінің қоймасында сақталып келген 40 келі уран қосындысын терроршылар қолға түсірген. Оның сөзіне қарағанда, ол ядролық материалдар жаппай қырып-жою құралдарын жасап шығаруда пайдалануы ықтимал. Ирак билігі БҰҰ-дан қауіптің алдын алып, ядролық материалдардың терроршылар тарапынан мемлекет ішінде және одан тыс жерде пайдаланылуына жол бермеуді өтінген. әл-Хакім қауіпті заттардың Ирак аумағынан контрабандалық жолмен әкетілуі мүмкін екенін де ескерткен.

Десе де, АҚШ билігіндегі дерек көзі айтылып отырған ядролық материалдың байытылған уран емес екенін және оны қару-жарақ шығаруда пайдалану қиын екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айының басында, бұған дейін Сирия жерінде соғыс жүргізіп келген "Ирак және Леванта ислам мемлекетінің" радикалды сүннит топтары Ирактың солтүстік және батыс аймақтарын басып алған болатын. Олар үлкендігі жағынан Иракта екінші болып табылатын Мосул қаласында 429 миллион доллар болатын банк активтері мен алтын құймаларын иемденген. Ирак билігі елді басқыншылардан азат ету үшін Батыстан көмек сұраған еді. Қақтығыс басталғалы Иракта мыңнан астам адам қайтыс болды. 29 маусым күні "Ирак және Леванта ислам мемлекеті" жетекшілері ислам халифаты құрылғанын жариялап, әлемдегі барлық жиһадшыларды соған адал қызмет етуге шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети