12 қаңтар 2020 14:30

Иран президенті Украина халқына көңіл айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сюжеттен алынған скриншот Сюжеттен алынған скриншот

Иран Президенті Хасан Рухани Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Хабар 24.


Иран Президенті Хасан Рухани Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Хабар 24.

Иран басшысы қайғылы жағдайға кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Хасан Рухани ұшақ апаты ирандық әскерилердің қателігінен болғанын толықтай мойындайтындарын мәлімдеді.

Ал Владимир Зеленский "халықаралық құқық талаптарына сай өзара конструктивті іс-әрекет күтеміз, украиналық лайнердің экипажы барлық ережелерге сәйкес ұшты" деді.

Еске салсақ, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған. 

Осыған дейін, Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәліметінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақ әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған. 

Бірқатар батыс елдерінің көшбасшылары ұшақтың апатқа ұшырауы зымыран соққысына байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Осыған дейін, бұл мәліметті Иран үкіметі жоққа шығарған еді. Жұмада New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті көрестілген видеоны жариялады.

Осыдан кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети