11 қыркүйек 2017 22:54

"Ирма" дауылының спутниктен түсірілген суретінде "ібілістің бейнесі" көрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта Атлантикада арындап жатқан "Ирма" дауылының спутниктен түсірілген суреттері мен видеоларынан қолданушылар адам бейнесіне ұқсас сұмдық көрініс байқады. NASA ғарыш агенттігі жасаған кадрлар CNN телеарнасының эфирінен көрсетілді.


Қазіргі уақытта Атлантикада арындап жатқан "Ирма" дауылының спутниктен түсірілген суреттері мен видеоларынан қолданушылар адам бейнесіне ұқсас сұмдық көрініс байқады. NASA ғарыш агенттігі жасаған кадрлар CNN телеарнасының эфирінен көрсетілді.

Қолданушылар бұл құбылысты бірден "ібілістің бейнесі" деп атады. Twitter қолданушыларының бірі 2016 жылдың қазанында 100-ден аса адамның өмірін жалмаған "Мэтью" дауылының да "ібілістің бейнесіне" ұқсас екенін атап өткен. 

Мұнымен қатар, қолданушылар "Ирманың" Багам аралдарындағы жойқын құбылысқа да таң. Дауыл Флоридаға қарай бағыт алғанда Атлант мұхитының аралдарының жағалауларынан су кетіп қалған. Желіде жарияланған видеожазбаларда жағалауда судың жоқ екенін көруге болады. 

Метеорологтардың айтуынша, бұл мыңнан бір кездесетін жағдай, себебі апаттың күшті болғаны соншалықты, мұхиттың формасын өзгерткен. 

"Дауылдың қысымы өте төмен ортасында су жоғары көтеріледі. Төмен қысым сорғыш механизмі секілді, ауаны ішке қарай тартып, өте төмен жағдайға жеткенде мұхиттың беткі қалпын өзгертеді. Апат суды ортаға тартады, сөйтіп, шеткі жағынан су кетеді", - деп түсіндірді бұл құбылысты The Washington Post сарапшысы. Алайда су келесі күні Багам аралдарының жағалауына қайта оралды, мұны келесі суреттерден анық байқауға болады. 

Ал метеорологтар флоридалық Джастон Дрейк мен Саймон Брюер қауіпті "Дауыл қуғандар" экспериментін жасап көрді. Олар көлігімен дауыл ортасына қарай жақындап, желдің жылдамдығын өлшеп көргісі келді, онымен қоймай адамның мұндай желден ұшып кететін-кетпейтінін тексерді. Эксперименттің қорытындысын олар Twitter желісіне жүктеді. Бұл жазбаны кейін әлемдік БАҚ-тар жариялай бастады. Оның кадрларынан зерттеушілерді күшті желдің ұшырып әкетуге шақ қалғанын байқауға болады. Метеорологтардың өлшемі бойынша желдің жылдамдығы - сағатына 190 шақырымға жуық. 

20-дан аса адамның өмірін жалмаған "Ирма" дауылы Атлантикада соңғы онжылдықтағы ең қуаттысы аталып кеткен. Өткен сәрсенбіде дауыл Кариб теңізіндегі аралдарда борады. Ал сенбіге қараған түні сұрапыл апат Кубаның солтүстік жағалауына барды, жексенбіде дауыл Флоридаға дейін барды. Болжам бойынша, "Ирмадан" 30 миллионнан аса адам зардап шегуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети