10 маусым 2022 08:47

Испаниядағы орман өртінен 2000 адам эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Испанияның оңтүстігіндегі орман өртеніп, Бенахавис қаласынан 2 мың адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Reuters.


Испанияның оңтүстігіндегі орман өртеніп, Бенахавис қаласынан 2 мың адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Reuters.

Агенттік мәліметінше, өрт Коста-дель-Соль үстіндегі Сьерра-Бермежадағы Пужерра тауының баурайында басталған. Андалусия орман өрттерін бақылау департаментінің (INFOCA) Twitter желісінде бұған ыстық ауа райы мен қолайсыз жел себеп болғаны жазылды.

Билік тұрғындарды кешке эвакуациялауға кірісті, адамдар Малага провинциясының бес ауданынан шығарылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметі 7 мың адам тұратын шатырлар тіккен, бірақ эвакуацияланғандардың көбі туыстары мен жергілікті қонақүйлерге орналастырылды.

Оқиға орнында 200-ден аса өртсөндіруші жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Коста-дель-Соль аймағындағы басқа қалалардан 100 әскери қызметкер мен 50 өртсөндіруші жұмылдырылды. Жалынмен күресу барысында үш өртсөндіруші зардап шекті, олардың бірі ауыр күйікпен Малага ауруханасына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети