Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Италиядағы өзеннен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба табылды 08 тамыз 2022, 11:20

Италиядағы По өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су астында қалған бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Италиядағы По өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су астында қалған бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әскери сарапшылар 25 шілдеде Италиядағы ең ұзын өзеннің солтүстігіндегі Борго Вирджилио ауылы маңында табылған 450 келі бомбаны залалсыздандырған.

"Балықшылар бомбаны По өзені жағасынан тапқан. Ол құрғақшылық салдарынан су деңгейінің төмендеуіне байланысты көрініп қалған", - деді полковник Марко Наси.

Залалсыздандыру операциясы үшін жақын маңда тұратын 3 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Осы аудандағы әуе кеңістігі жабылып, су жолының сол бөлігіндегі навигация, сондай-ақ, жақын маңдағы теміржол желісі мен мемлекеттік автожол қозғалысы тоқтатылған.

Саперлар АҚШ-та жасалған құрылғыдан жарылғышты алып тастады, онда 240 келі жарылғыш зат бары айтылды. Содан кейін полицейлер құрылғыны Медол муниципалитетіндегі карьерге жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram