16 қыркүйек 2020 08:38

Израиль, БАӘ және Бахрейн Ақ үйде бейбітшілік туралы келісімге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Біріккен Араб Әмірліктерімен және Бахрейнмен қарым-қатынасты реттеу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Біріккен Араб Әмірліктерімен және Бахрейнмен қарым-қатынасты реттеу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қол қою салтанаты Вашингтонда Ақ үйдің алдында өтті. Оған АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Меланья Трамп қатысты.

Құжатқа Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, БАӘ сыртқы істер министрі Абдалла бен Зейд әл-Нахайян және Бахрейн сыртқы істер министрі Абдель Латыф аз-Зайяни қол қойды.

Келісімнің үш көшірмесі бар, ол иврит, араб және ағылшын тілдерінде жасалды. Келісімге келуге бітімгер болған Трамп ағылшын тіліндегі нұсқасына қол қойды. 

Израиль және БАӘ өкілдері Авраам шарты аясында толық реттеу туралы келісімге келді. Келісім талаптарына сәйкес, Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы территорияда өз егемендігін тарату туралы шешімін уақытша шегереді.

Кейін Бахрейн де келісімге келді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети