16 тамыз 2021 07:57

"Жантүршігерлік оқиға". АҚШ тәліптердің жеңісі туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. © Reuters АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. © Reuters

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ауғанстанды "Талибан" радикал қозғалысының содырлары басып алуын және Кабулдың құлауын "жантүршігерлік оқиға" деп атады. Ол америкалық күштер барлық америкалықты, сондай-ақ АҚШ-пен ынтымақтасқан ауғандарды елден шығару бойынша шара жүргізіп жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" басылымына сілтеме жасап.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ауғанстанды "Талибан" радикал қозғалысының содырлары басып алуын және Кабулдың құлауын "жантүршігерлік оқиға" деп атады. Ол америкалық күштер барлық америкалықты, сондай-ақ АҚШ-пен ынтымақтасқан ауғандарды елден шығару бойынша шара жүргізіп жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" басылымына сілтеме жасап.

Америкалық дипломатияның басшысы Вашингтон ауған күштерінің тез құлдырауына дайын емес деген сынмен келіспейтінін айтып, америкалық персонал мен ауған көмекшілерінің қауіпсіздігі "бірінші міндет" екенін айтты.

Блинкен Талибан "біздің қызметкерлерімізге, біздің операцияларымызға кедергі келтірсе, біз қысқартуды жалғастыра берсек, оған тез және шешуші жауап беріледі" деп ескертті.

Мемлекеттік хатшы Ауғанстанда қалу АҚШ мүддесі емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ-тың төрт әкімшілігі ауған үкіметінің күштеріне миллиардтаған доллар инвестициялаған. Бұл оларға "Талибан" алдында басымдық бергенімен, олар шабуылды тоқтата алмады.

"Біз бұл күштердің елді қорғауға қабілетсіз екенін көрдік. Бұл біз күткеннен де жылдам болды", - деді Блинкен.

АВС-қа берген сұхбатында мемхатшы Кабулдағы жағдай мен 1975 жылғы Сайгондағы оқиғаларды салыстырудан бас тартты.

"Бұл Сайгон емес екені анық. Мәселе мынада. Біз Ауғанстанға 20 жыл бұрын кірдік, бір міндет - 11 қыркүйекте бізге шабуыл жасағандармен күресу. Бұл міндет орындалды. Біз он жыл бұрын Бен Ладенді жауапқа тарттық; бізге шабуыл жасаған топ айтарлықтай қысқарды. Ауғанстаннан бізге қарай тағы да шабуыл жасау мүмкіндігі - қазір мұндай қатер жоқ... Сондықтан егер біз Ауғанстанда не істегіміз келетіні туралы айтатын болсақ, онда біз міндетімізді орындадық", - деді Блинкен.

Аноним қалғысы келген америкалық шенеунік жексенбіде "Голос Америки" басылымына АҚШ елшілігінің Кабулдағы эвакуациясы "қызу жүріп жатқанын" хабарлады.

Шенеунік Ауғанстанға мыңдаған америкалық әскер келетінін және елшіліктің айналасын да, Кабул түбінде орналасқан Хамид Карзай халықаралық әуежайын да "толықтай басқаратынын" айтты.

Алдағы күндері Кабулға төрт мыңға жуық америкалық әскери күш келеді деп жоспарланып отыр, кейінгі күндері елдегі әскер саны 650 адамға дейін азайып кеткен еді.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Кейін ел президенті Ашраф Ғани отставкаға кетіп, елден ұшып кеткені туралы хабар тарады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети