16 қараша 2021 12:01

Жапонияда атом электр станциясында өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Жапониядағы "Генкай" атом электр станциясының аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK арнасына сілтеме жасап.


Жапониядағы "Генкай" атом электр станциясының аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK арнасына сілтеме жасап.

Kyushu Electric Power компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, өрт бір сағат ішінде толығымен сөндірілген. Бұл ретте өрт энергоблоктар жұмысына әсер еткен жоқ.

Өрт "ауыр апаттарды жою нысанындағы" құрылыс алаңында шыққан. Онда лаңкестік жасалған жағдайда әрекет ететін авариялық басқару мұнарасы бар. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, радиоактив материалдар бөлінген жоқ, қоршаған ортаға және 3 және 4 энергоблок жұмыстарына өрт әсер еткен жоқ, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети