18 мамыр 2018 09:09

Жасөспірімді ұрған депутат видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу түбіндегі Пушкинский ауданының депутаты Андрей Одинцов жасөспірімдерге ескерту айтамын деп, басы бәлеге қалды, - деп хабарлайды Ura.ru.


Мәскеу түбіндегі Пушкинский ауданының депутаты Андрей Одинцов жасөспірімдерге ескерту айтамын деп, басы бәлеге қалды, - деп хабарлайды Ura.ru.

Андрей Одинцов Ельдигино ауылындағы мектеп стадионын салып жатқан мердігерлердің жұмысын бақылаушы болған. Осы кезде трибунада дене шынықтыру сабағынан босатылған бірнеше оқуды отырған. Депутат оларды шулады деп, ескерту жасаған. Өз кезегінде балалар ешкімге кедергі келтіріп отырмағанын айтып шыға келген, осы кезде Одинцов олардың біріне жақындайды. Сонда балалардың бірі "Мені ұрасыз ба? Бұл - қылмыс" дейді. 

Депутат бұл сөзге шыдамай жасөспірімнің бетінен шапалақпен ұрады.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алып, дене шынықтыру пәнінің оқытушысына шағымданған. 

Кейін депутат мектеп директорымен де келісімге келе алмаған. Депутат "жастармен қалай жұмыс істеу керектігін білетінін" және кешірім сұрамайтынын мәлімдеген. Баланың ата-анасы болса сотқа жүгінбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети