30 тамыз 2021 12:49

Кабул әуежайына бірнеше зымыран атылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүйсенбіде таңертең Ауғанстан астанасы Кабулдың халықаралық әуежайына бірнеше зымыран атылды, оларды АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұстап қалды. Бұл туралы CNN есімі аталмаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Барлығы бес зымыран жіберілген, бірақ құрлық күштерін зымырандардан, артиллериядан және миномет снарядтарынан қорғауға арналған C-RAM жүйесі барлығын ата алды ма, жоқ па белгісіз.

Шенеунік алдын-ала мәлімет бойынша, АҚШ-тан құрбандар жоқ екенін айтты. Алайда жағдай өзгеруі мүмкін.

Куәгерлер Ассошиэйтед Пресс агенттігіне зымырандар әуежай маңындағы аймақта соққыға тап болғанын айтты. Снарядтар Кабулдың Салим Карван аймағына құлады, дейді куәгерлер. Жарылыстардан кейін атыс болғаны да хабарланды, бірақ кім атысқаны белгісіз.

Тағы бір куәгер агенттікке алдымен үш жарылыстың дыбысын естігенін, содан кейін аспанда от тәрізді жарқылды көргенін айтқан.

Жарылыстардан кейін адамдар қаша бастаған. 

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Кабул әуежайына жақын арада жаңа шабуыл жасалатынын ескерткен болатын. Оның сөзінше, ауған астанасының әуежайы аймағындағы жағдай өте қауіпті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети