29 желтоқсан 2021 09:39

Қадыров Украина Ресейге қосылады деген мәлімдемесін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ризван Эдильcултанов /ИА "Грозный-информ" © Ризван Эдильcултанов /ИА "Грозный-информ"

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина Ресейге қосылады деген кеңінен таралған мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина Ресейге қосылады деген кеңінен таралған мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қадыров егер Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы саясат ұстанатын болса, онда Украина Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол Украина мәселесін өзі шешуге дайын екенін де айтты.

"Мен Шешенстан Республикасы басшысының атынан сөйлеген жоқпын, мен Ресей Федерациясының азаматы Рамзан Қадыровтың атынан сөйледім. Бұл менің пікірім. Қазір біздің мемлекетіміздің тағдыры мен қауіпсіздігі өте қиын жағдайда. Батыс және Еуропа мемлекеттері мемлекетіміздің шекарасына ақырындап жақындап келеді, сондықтан кез келген уақытта түрлі проблемалар туындауы мүмкін. Егер біз өз позициямыздан бас тартсақ, олар басқалар сияқты бізге өздерінің шарттарын талап етуі мүмкін. Сондықтан мен азамат ретінде алаңдаймын. Мен өз республикам, облысым, мемлекетім, халқым туралы өз пікірімді білдірдім", - деді Қадыров Instagram желісіндегі тікелей эфирде. Оның сөздерін РИА Новости жариялады.

Сондай-ақ ол өз мемлекетінің, президентінің және халқының позициясын қорғауға ерікті ретінде дайын екенін айтты.

"Зеленскийге және Украина туралы айтқаныма келетін болсақ, мен қазір де қайталаймын: олар славян халықтарына сатқындық саясат жүргізіп жүр. Олар өз халқына, дініне жиі соғыс жариялайды. Бұл бәріміз үшін қорқынышты. Украина халқы шығып, өз пікірін, ұстанымын, көзқарасын білдіреді деп ойлаймын. Батыс бізге пайда әкелмейді", - деді Қадыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети