10 желтоқсан 2022 13:36

Катардағы ӘЧ-де америкалық журналист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram/grant_wahl Instagram/grant_wahl

Танымал америкалық журналист Грант Уол Катарда Нидерланд пен Аргентина құрамалары арасында өткен әлем чемпионатының ширек финал кезінде қаза болды. Қайғылы оқиғаны марқұмның ағасы хабарлады, кейін журналистің өлімін АҚШ футбол федерациясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Football24.ru-ке сілтеме жасап.

Ол кенет "Лусаил" стадионындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған жерде есінен танып қалған. Журналист небәрі 48 жаста еді.

Уолдың туысы Гранттың денсаулығында проблемалар болмағанын айтты. Туысының айтуынша, БАҚ қызметкері Катарда қоқан-лоққы көрген болуы мүмкін.

ABC News басылымының мәліметінше, бұған дейін ол Катардағы стадионда түрлі түсті футболка кигені үшін қамауға алынған.

Айта кетейік, Грант Уол CBS-те жұмыс істеген. Ол - "Бекхэм эксперименті" кітабының авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети