26 мамыр 2022 | 16:49

Келіссөздер тоқтады ма? Украинадағы жағдайға шолу

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Шығын мөлшері қандай? Келіссөздер тоқтады ма? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Шығын мөлшері қандай? Келіссөздер тоқтады ма? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасап көрді.

НАТО-ның Бас хатшысы қандай мәлімдеме жасады?

Украина Ресейге қарсы соғыста жеңіске жете алады. Бұл туралы НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг жексенбіде журналистермен видеобайланыс арқылы сөйлескенде айтты.

Столтенбергтің айтуынша, Украинадағы соғыс Мәскеудің сценарийі бойынша жүрмейді.

"Олар Киевті ала алмады, Харьковтен шегініп, Донбасстағы үлкен шабуылы тоқтап қалды. Ресей өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізе алмады. Украиналықтар өз Отанын батыл қорғап жатыр. Оларға көмектесу үшін одақтастар Украинаға миллиардтаған доллар көмек көрсетті", - деп қосты Столтенберг.

Қай елдерден көмек жіберіліп жатыр?

АҚШ Сенаты Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде көмек жіберу туралы шешімді мақұлдады. Ал Ұлыбритания Украинаға 1,3 миллиард фунт стерлинг көлемінде жаңа әскери көмек пакетін ұсынды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон айтты. Оның сөзінше, қару-жарақтың бірінші партиясында кемеге қарсы зымырандар және алыс қашықтықтағы артиллерия болады.

 Донбасстағы оқ-дәрі қоймалары жойылды

"1 күнде 3 басқару бекеті, жұмыс күші мен Украина әскери техникасы шоғырланған 13 аудан, сондай-ақ, Соледар, Донецк Халық Республикасының Соль және Луганск Халық Республикасының Нырково елді мекендеріндегі төрт оқ-дәрі қоймасы жойылды", - деді ведомствоның ресми өкілі Игорь Конашенков.

©REUTERS 

Зеленский майданның ең қиын бөлігін атады

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, ең қиын жағдай - Донбасста. Ал Харьков облысында снаряд түсуіне байланысты Дергачевтегі сауда орталығы өртенген. Украинаның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 24 мамырда кешке ауыздықталған.

Зеленский кімді сынады?

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджердің Украина Ресейге аумағының бір бөлігінен бас тарту арқылы жеңілдіктер жасау керек деген ұсыныстарын сынады.

"Киссинджер мырза Ресейге Украинаның бір бөлігін беру керегін айтады. Бұл Ресей Еуропадан аластамауы үшін керек екен. Киссинджер мырза үшін 2022 жыл емес, 1938 жыл сияқты", - деді ол.

Ресей Украинаның оңтүстігіндегі тұрғындарға құжат беруді жеделдетті

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстік облыстары мен Запорожье, Херсон тұрғындарына Ресей төлқұжатын алу жұмыстарын тездетуге бұйрық берді. Украина өз кезегінде Путинді "қылмыстық" әрекет жасады деп айыптады.

Ал Еуропада украиналық босқындарға тегін жол жүру мүмкіндігі алып тасталды.

Германия, Польша, Болгария, Швейцария және Чехияда украиналық босқындар үшін 1 маусымнан бастап тегін көлік тоқтатылады. Бұл туралы Еуропа Одағының сайтында айтылған.

©REUTERS

Соғыс шығыны есептелді

Ресей әскерінің шабуылы нәтижесінде Украина экономикасына 600 миллиард доллар шығын келген. Бұл туралы елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль айтты.

Оның айтуынша, соғыс барысында 25 мың шақырымға жуық жол бүлінген, 40 миллион шаршы метр тұрғын үй қоры, 200-ден аса кәсіпорын, 12 әуежай және басқа да көптеген нысан қираған.

Кімдер шетелге шыға алады?

Украина үкіметі әскери міндеттілердің бірқатар санатына шетелге шығуға рұқсат беріп, мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне өзгерістер енгізді. Оған медициналық жүктерді, гуманитарлық көмек жүктерін Украина Қарулы күштері мен тұрғындарына тасымалдайтын жүргізушілер жатады. Сонымен қатар, лицензиясы бар жүк көліктеріне жүк тасымалдауға рұқсат етіледі және теміржолдың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін теміржолшылар, халықаралық жарыстарға қатысатын немесе дайындалатын спортшылар, жаттықтырушылар елден жырақ шыға алады. Жүргізушілер мен спортшылар - 30 күн, жүк тасушылар үшін - 45 күн, теміржолшылар үшін 6 ай шетелде бола алады.

©REUTERS

Екі ел арасындағы келіссөз тоқтады ма?

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады. Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк украиналық телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс тоқтатылды, бірақ бұл тараптар келіссөздер үстеліне енді отырмайды дегенді білдірмейді.

"Қазір ол тоқтатылды, өйткені Ыстамбұл коммюникесінен кейін ешқандай алға жылжу жоқ. Ресей Федерациясы әлі де бұрынғыдай ойлайды. Бірақ кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және менің ойымша, Зеленский мырза бұл процесті модерациялайды. Келіссөздер жалғасын таппайды. Украина келіссөздер процесінен шықты десе болады", - деді Подоляк.

19 мамырда Украинада бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қаза болғаны айтылды

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) 19 мамырда 24 ақпаннан бастап Украина мен Донбасстың бейбіт тұрғындары арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар саны 8 мыңнан асқанын мәлімдеді. 

"24 ақпан сағат 04:00-ден 18 мамырдың түн ортасына дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) елде 3811 адам қайтыс болып, 4278 адам жараланғанын тіркеді", - делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінше, Донецк және Луганск облыстарында Киевтің бақылауындағы аумақта 1973 адам қаза тауып, 1821 адам жарақат алған. ДХР мен ЛХР бақылауындағы аумақта 126 адам қаза тауып, 502 адам жарақат алғаны айтылады.

Украинаның басқа аймақтарында, соның ішінде Киевте, Черкассы, Чернигов, Харьков, Херсон, Киев, Николаев, Одесса, Сумы, Запорожье, Днепропетровск, Полтава және Житомир облыстарында 1712 бейбіт тұрғын қаза тауып, 1955 бейбіт тұрғын жарақат алған.

"Азовстали" басып алынды

Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовстали" аумағына толық бақылау орнатылғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 20 мамырда "Азов" батальонының жауынгерлерінің соңғы тобы - 531 адам, оның ішінде бөлім командирлері берілді. 16 мамырдан бастап "Азовстали" қорғанысын ұстап тұрған 2439 украин әскері тұтқынға түсті. Комбинаттың жерасты құрылыстары Ресей әуекемелерінің бақылауына өтті. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұл туралы президент Путинге хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Мариупольдағы "Азовсталь" металлургия зауытының Ресей әскеріне берілгенін жанама түрде растады. Кәсіпорындағы адамдардың барлығы дерлік зауыттан шығарылды. Бұл туралы Зеленский 24 мамырда кешке "Украина 24" телеарнасында көрсетілген сұхбатында айтты.

"Азаматтар шығарылды. Дәрігерлер шығарылды. Ауыр жараланғандар шығарылды. Жақын арада бәрін шығару жұмыстары аяқталады", - деді ол.

Украина ТМД халықтарының ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шықты

Украинаның Жоғарғы Радасы елдің ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандығын мәңгі есте сақтау жөніндегі келісімнен шығуын жақтап дауыс берді. Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк Telegram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, заң жобасын қабылдауға 274 халық қалаулысы дауыс берген. 

Зеленский мен Путин әлемдегі ең ықпалды адамдар ма?

Time журналы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путинді ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты. "Көшбасшылар" номинациясына Украина президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путин, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен, АҚШ президенті Джо Байден, Германия канцлері Олаф Шольц және Оңтүстік Корея басшысы Юн Сок Ель кірді.

Зеленский туралы АҚШ президенті Джо Байден пікір жазды. Ал Путин туралы пікір білдірген - ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.  

Зеленский қандай жағдайда Путинмен келісімге келуі мүмкін?

Зеленский қандай жағдайда Путинмен келісімге келетінін айтты. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тек соғысты тоқтату мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін айтты. 

"Мен Путиннен басқа Ресей өкілдерімен кездеспеймін. Екі мемлекет басшысы қозғауы керек басты мәселе - соғысты тоқтату. Бұдан басқа көтерілетін мәселе де жоқ. Ресей басшысымен кездесу ұйымдастыру оңай болмай тұр. Дегенмен біз жанжалды аяқтауға тырысуымыз керек", - дейді Украина президенті.

Зеленский Қытайдың ұстанымына қатысты не айтты? 

Украина президенті Владимир Зеленский NHK жапондық басылымына берген сұхбатында Қытайдың Ресей мен Украина арасындағы соғыстағы ұстанымы туралы айтты. Зеленский Пекиннің Ресейдің Киевке қарсы соғысына Батыстың өркениетті елдері сияқты жауап бермегенін еске салды. 

"Қытай үшін бұл жағдай қалыпты. Біз үшін Жапонияның Украинаны толық қолдауы маңызды. Жапония, АҚШ, Аустралия және Үндістан секілді елдердің қолдауы басқа елдерге белгі жіберу", - деді Зеленский.

Тоқаев Украинадағы жағдай туралы не деді?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына жасаған бейнеүндеуінде COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болғанын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети