Кемеровада болған өрттен зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті

29 Наурыз 2018, 12:52
0
Кемеровада болған өрттен зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті - © РИА Новости
© РИА Новости

Кемеровтегі сауда орталығында болған өрттен зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап.

"Зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті", - деп хабарлады ведомстводағылар.

"Бүгінде 12 адам ауруханаға жеткізілді, 67 зардап шеккен адамға амбулаторлық ем белгіленді", - деп хабарлады агенттік.

Осыған дейін Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Губернатордың айтуынша, қаза тапқан адамның отбасына 5 миллион рубль беріледі. Ал өрттен жеңіл жарақат алғандарға - 400 мың рубль, ауыр жарақат алғандарға - 800 мың рубль.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

Сондай-ақ, митинг кезінде Кемеров облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұраған болатын.

Осыған дейін Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.

Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай