18 қазан 2018 | 09:09

Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды

Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның кадрларынан жарылыстан кейінгі түтіннің шыққанын көріп, артынша атыс болғанын естуге болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның кадрларынан жарылыстан кейінгі түтіннің шыққанын көріп, артынша атыс болғанын естуге болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған. Қайғылы оқиға салдарынан 19 адам қаза тапты, 40-қа жуық адам зардап шекті. Олардың көбі жасөспірімдер. Кейін қаза тапқандардың өлімі қару оғынан жан тапсырғаны анықталды.

Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікті - төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған. 

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, мұғалімдер Росляковты қарапайым студент деп сипаттаған: Ашуланбайтын, шәкіртақы алатын, заңды бұзбайтын азамат. Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін үшкүндік аза тұту күні жарияланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті