15 қыркүйек 2022 08:18

Киевте Зеленский отырған кортеж жол апатына ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды", - деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.

Еске салайық, 14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети