30 қыркүйек 2021 10:23

Ким Чен Ын АҚШ-тың диалог құру туралы ұсынысын қабылдамады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-тың диалог құру туралы ұсынысын қабылдамай, америкалық көшбасшы Джо Байден әкімшілігін дұшпандық саясатты жалғастырды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-тың диалог құру туралы ұсынысын қабылдамай, америкалық көшбасшы Джо Байден әкімшілігін дұшпандық саясатты жалғастырды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Ким Чен Ынның айтуынша, диалог ұсынысы "АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі жүргізген дұшпандық саясаттың" жалғасы саналады.

"Америка Құрама Штаттары ешқандай шартсыз дипломатиялық өзара іс-қимыл мен диалогты талап етеді, бірақ бұл халықаралық қауымдастықты алдап, олардың дұшпандық мінез-құлқын жасырудың құралы", - деді Солтүстік Корея басшысы.

Ким Чен Ын америкалық тараптың КХДР-ға деген көзқарасы мүлде өзгерген жоқ деп санайды.

"Кейінгі сегіз айдағы оқиғалар көрсеткендей, АҚШ-тың жаңа әкімшілігі билікке келгеннен бері АҚШ-тың бізге қатысты әскери қатері мен дұшпандық саясаты өзгерген жоқ", - делінген хабарламада.

Пхеньян мен Вашингтон арасындағы келіссөздер Ким мен сол кездегі президент Дональд Трамп арасындағы Ханой саммиті санкцияларды жеңілдету мен Солтүстік Корея қайтаруға дайын болған нәрсеге байланысты сәтсіз аяқталғаннан кейін іс жүзінде тоқтап қалды.

Байденнің басшылығымен Америка Құрама Штаттары Солтүстік Корея өкілдерімен кез келген жерде және кез келген уақытта алдын ала шартсыз кездесуді бірнеше рет ұсынды, сонымен бірге олар ядролық қарудан арылуға тырысатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ким Чен Ын КХДР-ны АҚШ-пен қақтығысқа дайындалуға шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети