30 шілде 2020 09:14

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 30 шілдедегі таңғы жағдай

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

30 шілдедегі таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 16,9 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


30 шілдедегі таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 16,9 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 16 940 174 адамнан коронавирус табылған. 664 748 науқас қайтыс болған, ал 9 897 269 адам аурудан жазылған.

Коронавирус қарқынды тарап жатқан 10 ел:

АҚШ - 4 414 834 адам вирус жұқтырған, 150 447 науқас көз жұмған,

Бразилия - 2 552 265 адам вирус жұқтырған, 90 134 науқас көз жұмған,

Үндістан - 1 531 669 адам вирус жұқтырған, 34 193 науқас көз жұмған,

Ресей - 827 509 адам вирус жұқтырған, 13 650 науқас көз жұмған,

ОАР - 471 123 адам вирус жұқтырған, 7497 науқас көз жұмған,

Мексика - 402 697 адам вирус жұқтырған, 44 876 науқас көз жұмған,

Перу - 395 005 адам вирус жұқтырған, 18 612 науқас көз жұмған,

Чили - 351 575 адам вирус жұқтырған, 9278 науқас көз жұмған,

Ұлыбритания - 303 058 адам вирус жұқтырған, 46 046 науқас көз жұмған,

Иран - 298 909 адам вирус жұқтырған, 16 343 науқас көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 16 558 289 адам коронавирус жұқтырған, 656 093 науқас қайтыс болған. Дүние жүзінде соңғы бір тәулікте 215 127 адамнан COVID-19 табылған.  

Қазақстанда эпидемия кезінде барлығы 87664 адам коронавирус жұқтырған. 57 815 науқас аурудан жазылса, 793 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети