26 шілде 2020 11:13

Коронавирус жұқтырған Бразилия президенті аурудан жазылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © REUTERS Фото © REUTERS

COVID-19 жұқтырған Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирусқа сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


COVID-19 жұқтырған Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирусқа сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бразилия президентінен вирус 7 шілдеде анықталған. Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы тапсырған сынақтары осы уақытқа дейін оң нәтиже көрсеткен еді.

"Sars-Cov 2-ге қарсы RT-PCR: теріс нәтиже. Күндеріңіз жақсы өтсін", - деп жазды президент Twitter желісінде.

65 жастағы президент Бразилия штаттарында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы сауда мен қызмет көрсетуді шектейтін ережелерді қатаң сынға алады және үйде  60 жастан асқандар мен вирус қауіпті саналатын адамдарды ғана оқшаулау керегін айтады.

Наурызда Болсонаро оны ешқандай коронавирус жоя алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ, ДДҰ жариялаған пандемияны ол "кішкентай тұмау" деп атаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети