29 наурыз 2022 09:15

Көшедегі кездейсоқ адам Франция президентіне қымбатшылыққа шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© France 24 © France 24

28 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон Дижонға сапары барысында жергілікті тұрғындардың бірі жанар-жағармай бағасының көтерілуіне наразылығын білдірген. Кадрларды француздық БАҚ таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


28 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон Дижонға сапары барысында жергілікті тұрғындардың бірі жанар-жағармай бағасының көтерілуіне наразылығын білдірген. Кадрларды француздық БАҚ таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Жұма күні дизельдің бір литрі 1,90 евро болды. Жұма күнінен бастап бағалар 30 центке көтерілді, қазір литрі 2,20 евро. 48 сағат ішінде жанармай бағасы неге 30 центке қымбаттағанын түсіндіріңіз?"- деді ер адам Мемлекет басшысына.

"Егер Путин ертең газды өшірсе, біз не істейміз?" - деп жалғастырды әлгі адам. "Біз барлығын ұйымдастырып жатырмыз", - деп жауап берді Макрон.

"Мен сіздер айтпасаңыздар да пәтердегі газ температурасын төмендеттім. Бұл туралы айтуды күтудің қажеті жоқ", - дейді отбасының әкесі.

Жағдайға түсініктеме берген Макрон Франция мемлекет Еуропада азаматтардың сатып алу қабілеті бойынша ең көп жұмыс істейтінін айтты.

"Сіз не болып жатқанын елестете алмайсыз, президент мырза! Өзіңізді француз отбасының орнына қойып көріңіз. Бұл өте қиын мәселе. Дүкенге барып сауда жасау, жанармай құю қорқынышты. Мен сізге тікелей айтамын: менің жалақым осыған дейін қалыпты өмір сүру үшін ақша жинап, демалысқа шығуға мүмкіндік берді. Ал қазір бұл мүмкін емес. Мен кедей жұмысшылар қатарына қосылдым", - деді ер адам көтеріңкі дауыспен.

"Газдың, бензиннің бағасына келетін болсақ, бұл жерде сиқырлы ешнәрсе жоқ, өйткені біз оны өндірмейміз. Не істеуіміз керек? Біз аз мқлшерде сатып алуға тырысып жатырмыз... Біз Ресейге аз ғана тәуелді болуымыз керек және сатып алу арқылы бағаны төмендетуге тырысуымыз керек. Біз бұл үшін жұмыс істеп жатырмыз және алдағы айларда бұл мәселе шешіледі деп үміттенемін", - деп жауап берді Макрон.

Сондай-ақ ол алдағы апталарда электр қуатының бағасы газ бағасына тәуелді болмайтындай шаралар қолданылатынын айтты.

Францияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен аптада елде жанармай бағасы орташа есеппен 14 центке өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Соңғы жеті күнде дизель отынының бағасы орташа есеппен 14 центке көтеріліп, литріне 2,1165 еуроға (бір апта бұрын – литріне 1,9755 еуро), SP95 маркалы бензиннің бағасы литріне 1,9670 еуроға (бір апта бұрынғы бағасы литріне 1,9334 еуро) жетті, Super SP95 бензині 2,0042 еуроға дейін қымбаттады (бір апта бұрын оның бағасы литріне 1,9737 еуро болған).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети