02 тамыз 2021 16:09

Қырғызстаннан қашып кеткен экс-президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеуде болған. 


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеуде болған. 

Қазіргі уақытта ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратында. Онда "Құмтөр" кен орнына байланысты қылмыстық іс төңірегінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Ақаев жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге 1992 жылы "Құмтөр" жобасы бойынша бас келісім жасасу кезінде, 1994 жылы оған өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ 2003 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісімді қайта құрылымдау кезінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында "Құмтөр" жобасын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар барлық кінәлі тұлғаның ісіне құқықтық баға берілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Хабарламада Ақаевты республика аумағына әкелу арқылы, қылмыстық жауапкершілікке тарту тұрғысынан тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған, белсенді жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети