1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Саясаттанушы Ақаевтың Бішкекке оралуына қатысты пікір білдірді 03 тамыз 2021, 15:27

Дүниежүзілік экономика және саясат институтының (IMEP) сарапшысы Жұмабек Сарабеков Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың Бішкекке оралуына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Дүниежүзілік экономика және саясат институтының (IMEP) сарапшысы Жұмабек Сарабеков Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың Бішкекке оралуына байланысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшы Қырғызстанның экс-президентінің оралуы бірден үш тарапқа яғни, билікке, Мәскеуге, сондай-ақ Ақаевтың өзіне тиімді екенін атап өтті. Ел азаматтары оның қылмыстық іс бойынша тергелуін жаңа биліктің жетістігі ретінде қабылдайды. Алайда Ақаевтың өзі бірден "Құмтөр" ісінде күдікті емес, куәгер ретінде қатысатынын айтты. Өйткені, ол бір аптадан кейін Қырғызстаннан қайта кетуді жоспарлап отыр.

"Жапаров бастаған қырғыз билігі Ақаевтың келуін барынша пайдаланатын болады. Біріншіден, бұл жағдай жаңа басшылықтың жемқорлықпен табысты күресуінің мысалы болса, екіншіден президент Жапаровтың ықпалының көрсеткіші ретінде қолданылады. Ақаев жылдар бойы Мәскеуде Ресей төлқұжатымен өмір сүрді. Қырғыз билігі бұған дейін де оны экстрадициялауды бірнеше рет талап еткен, бірақ Ресей бас тартып келген", - деп жазады қазақстандық сарапшы.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта саясаткердің Қырғызстанға оралуына Мәскеу қаншалықты рөл атқарғаны белгісіз. Сонымен қатар, елдің жаңа үкіметі мұны Садыр Жапаровтың жеке дипломатиялық жеңісі ретінде көрсетеді. Себебі ол бұған дейінгілер жасамаған нәрсеге қол жеткізді. Ол және оның жақтастары мұны қазанның соңында өтетін жаңа парламенттік сайлауда қолдана алады. Ақаевтың "Құмтөр" ісі бойынша берген куәлігі қауіпті саяси бәсекелестермен күресу үшін қолданылуы мүмкін.

"Сонымен қатар, Ақаевтың "Құмтөр" бойынша берген айғақтары Бішкекке халықаралық соттағы позициясын қорғау үшін де пайдалы болар еді. Белгілі болғандай, биыл мамырда Қырғызстанда билікке "Құмтөр" кенішінде сыртқы басқаруды енгізуге мүмкіндік беретін заң қабылданғаннан кейін, канадалық Centerra Gold Inc компаниясы кен орнының негізгі әзірлеушісі - Нью-Йорк сотында КР үкіметіне қарсы төрелік талқылауды бастады.

Акаевты қайтару ісіне Ресейдің де қызығушылығы бар. Акаевтың Қырғызстанға келуі оның Ресей азаматы мәртебесін жоймайды, ал қашқын президенттің өзі Мәскеуден қорғаныс кепілдігін алғаннан кейін, бұл сапар туралы шешім қабылдаған болуы керек. Қырғыз саясатының контекстінде Ресей шын мәнінде Жапаровтың командасымен бірге ойнауға шешім қабылдағандай. Келісімдердің нақты себебін біраз уақыт өткеннен кейін біле алармыз", - деп қосты Жұмабек Сарабеков.

Ақаев қырғыз сарапшыларының айтуынша, отанына келетін қолайлы сәтті күтіп жүрген. Ол алдынғы президент Атамбаев тарапынан қудалауға тап болғандықтан келмеген. Енді елдің жаңа билігімен қандай да бір келісімге келгендіктен қылмыстық қудалаудан қорықпай келуді ұйғарған болуы мүмкін.

Бұл ретте қазақстандық сарапшы Қырғызстанның саяси өміріндегі өзгерістердің соншалықты тез болып жатқанын, екі тарап арасындағы келісушіліктер берік болмауы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, 2 тамызда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың Бішкекке оралғаны белгілі болды. Ол осыған дейін "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен іздеуде болған. Ол бірден ҰҚК ғимаратына жеткізілді, онда оның қатысуымен кен орны бойынша қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Ақаев журналистерге берген сұқбатында, өз еркімен "Құмтөр" ісі бойынша куәлік беру үшін бір аптаға келгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram