"Қытайдан сұраңыз". Трамп журналистермен өтіп жатқан баспасөз конференциясын тоқтатып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қытайдан сұраңыз". Трамп журналистермен өтіп жатқан баспасөз конференциясын тоқтатып тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистердің сұрақтарына наразы болып, баспасөз конференциясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.


АҚШ президенті Дональд Трамп журналистердің сұрақтарына наразы болып, баспасөз конференциясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясында Трамп АҚШ басқа елдерге қарағанда коронавирусты анықтауға өте көп тест жүргізіп жатқанын атап өтті. Журналистер тестілеуге қарамастан елдегі өлім саны көбейіп жатқанын айтып, себебін сұраған.

Трамп ашумен жауап берді.

"Менен емес, Қытайдан сұраңыз", - деді ол.

Кейін ол қойылған сұрақты "жиіркенішті" деп атап еді, журналист бұған наразы болды. Трамп журналистің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Содан соң баспасөз конференциясын тоқтатты.

Бұған дейін Трамп баспасөз конференциясын күнделікті өткізетін. Олар көбіне айғай-шумен өтетін. Кейін ол жария түрде бұлай жасаудың қаншалықты қажеті бар деп айтты. Соңғы екі аптада Трамп журналистер алдына сирек шығатын болды, бірақ оның баспасөз хатшысы Кейли Макани өзінің брифингін өткізе бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +16
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +18
О
Орал +15
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер