12 мамыр 2014 10:44

Литвадағы сайлауда Даля Грибаускайте көш бастап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даля Грибаускайте. Фото joinfo.ua сайтынан алынды Даля Грибаускайте. Фото joinfo.ua сайтынан алынды

Литвада өтіп жатқан президент сайлауында қазіргі Мемлекет басшысы Даля Грибаускайте көш бастап келеді, деп хабарлайды РИА Новости ОСК алдын ала шығарған мәліметіне сілтеме жасап.


Литвада өтіп жатқан президент сайлауында қазіргі Мемлекет басшысы Даля Грибаускайте көш бастап келеді, деп хабарлайды РИА Новости ОСК алдын ала шығарған мәліметіне сілтеме жасап.

Даля Грибаускайте елдегі барлық 2004 сайлау учаскесінің 1360-дегі бюллетендерді санаудан кейін сайлаушылардың 43,39 пайыз дауысын жинағаны белгілі болған. Екінші орында социал-демократтар партиясы атынан түскен кандидат Зигмантас Бальчитис келе жатса, 15,68 пайыздық көрсеткішпен "Еңбек" партиясының төрағасы Артурас Паулаускас үшінші орыннан көрінді.

Ел тұрғындары бәсекеге түскен 7 кандидаттың ішінен өздерінің көңілінен шығатын үміткерді 5 жылдық мерзімге сайлайды.  Президент орнына Литваның қазіргі Мемлекет басшысы Даля Грибаускайте, социал-демократ Зигмантас Бальчитис, "Еңбек" партиясы атынан сынға түскен Артурас Паулаускас, Литва поляктардың сайлау акцияларының көшбасшысы Вальдемар Томашевский, Вильнюс мэрі Артурас Зуокас, Игналины мэрі, Литвалық шаруалар мен жасылдар өкілі Бронис Ропе  мен парламентари Наглис Путейкис таласқа түсті.

Даля Грибаускайте 2009 жылдан бері Литва президенті болып табылады. Ол бірінші турда сайлаушылардың 70 пайыз дауысын жинап, оқ бой озық шыққан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети