17 сәуір 2019 10:22

Ливия астанасына зымыранмен соққы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Trend.Az Фото: Trend.Az

Ливия астанасы Триполиге бірнеше зымыран соққысы жасалып, төрт адам қаза болды, 23-і зардап шеккен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Ливия астанасы Триполиге бірнеше зымыран соққысы жасалып, төрт адам қаза болды, 23-і зардап шеккен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Ливиялық The Libya Observer газетінің ақпараты бойынша, бұл шабуылға Ливия ұлттық әскерінің қолбасшысы, маршал Халифа Хафтар жауапты. 

Ал ЛҰӘ Триполи тұрғындарына жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлім етті.

"Бүгін түнде ливиялық әскер операция барысында ауыр қару-жарақтарды қолданған жоқ", - деп мәлімдеді қолбасшы Халифа әл-Обейдидің баспасөз қызметі өкілдері. 

Ол белгілі бір топтардың елордадағы тұрғын үйлерді оқ астына алып, кейін ливиялық әскерді соған кінәлі етуді жоспарланағанын айтты. 

Айта кетейік, 4 сәуірде Ливиядағы жағдай күрт өзгеріп кетті. Себебі Хафтар Триполиді лаңкестерден босату үшін қалаға шабуыл жасайтынын хабарлаған еді. ЛҰӘ қала маңындағы елді мекендерді бақылауға алып, әуежайға оқ жаудырған. Ливия Өтпелі Ұлттық Кеңесі осы шабуылдардан соң ЛҰӘ-ге қарсы әскери операция бастағанын хабарлаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети