11 маусым 2017 11:40

Лондондағы лаңкестер жанкештілердің жалған белбеуін таққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 маусымда Лондонда адамдарға пышақпен шабуылдаған лаңкестер жанкештілердің жалған белбеуін таққан, - деп хабарлайды Mirror.


4 маусымда Лондонда адамдарға пышақпен шабуылдаған лаңкестер жанкештілердің жалған белбеуін таққан, - деп хабарлайды Mirror.

Лондон полициясы көрсеткен кадрлардан лаңкестердің қайыс белдіктерден жанкештілердің белбеуін жасағаны көрінеді. Белбеуге бос бөтелкелер байланған. 

Осы терактіні тергеуге жауапты капитан Дин Хейдон лаңкестердің осындай құйтырқы әрекетін бұрын-соңды болмаған деп атап отыр.


Фото: Лондон полициясы

Тергеушілер содырлардың жалған белбеу тағуға екі себебі болды дегенді айтып отыр: біріншісі - олар пышақпен шабуылдағанда адамдарды барынша қорқытқысы келді, екіншісі жанкештілердің жалған белбеуін қолданған олар полицейлер оқ атпайды деп есептеген. Тергеушілер екінші нұсқа дұрыс деп санайды. 

Осыған дейін үш лаңкестің (Йозеф Захба, Гурам Шазад Батт және Рашид Редуан) көзі жойылған еді. Олардың Лондон көпірінде және Боро базарындағы шабуылынан 8 адам қаза тапқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети