22 қараша 2014 12:26

Лондонның бесжұлдызды отелінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Hyatt Regency London отелі. ©shareonfacebook.net Hyatt Regency London отелі. ©shareonfacebook.net

Лондонның орталығындағы Hyatt Regency London бесжұлдызды отелінде газ жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Лондонның орталығындағы Hyatt Regency London бесжұлдызды отелінде газ жарылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Газ қонақүйдің асхана бөлмесінде жарылған. 14 адам зардап шекті. Алтауына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, қалғандары жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың жарақаттары аса ауыр емес. Газ жарылысынан отель ғимаратына айтарлықтай зақым келді. Мұндағы адамдар түгел эвакуацияланды. 

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс тұрмыстық газ құбырының тесілуінен болуы мүмкін. Портман-сквер алаңындағы оқиға орнында полиция, өрт және медицина қызметтерінің 100-ден астам өкілі жұмыс істеді. Санитарлық авиацияның ұшағы да шақыртылды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Мәскеудің тұрғын үйлерінде бірнеше рет газ жарылған еді. 26 пәтер мен 11 үйге зақым келді. Төтенше оқиғалар легіне газтаратқыш станциядағы жабдықтардың ақауы себеп болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети