03 ақпан 2021 09:14

Мексиканың Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасын қолдануға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мексика денсаулық сақтау министрінің орынбасары Уго Лопес-Гатель жергілікті реттеуші COVID-19-ға қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын әкелуге және шұғыл пайдалануға рұқсат бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Мексика денсаулық сақтау министрінің орынбасары Уго Лопес-Гатель жергілікті реттеуші COVID-19-ға қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын әкелуге және шұғыл пайдалануға рұқсат бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"COFEPRIS Гамалея эпидемиология және микробиология орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат берді. Осылайша, препаратты әкелуге және оны қолдануға мүмкіндік бар", - деді Лопес-Гатель Үкіметтің Twitter-де жарияланған баспасөз мәслихатында.

"Спутник V" - әлемде алғашқы болып тіркелген коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында (ҒЗО) жасалды. Бұл вакцина екікомпонентті, ол адам аденовирусының векторы негізінде жасалған. 

Қазақстанда ресейлік вакцина Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндіріледі. Дәлірек айтқанда, Ресейден субстанция жеткізіледі, ал Қазақстанда осы субстанциядан дайын форма шығарылады. Қазақстандық материалдар мен шикізат пайдаланылады. Фармкомплекс директоры Сергей Баронның айтуынша, коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллион дозасы кезең-кезеңімен шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети