23 шілде 2016 17:15

Мюнхендік атқыш құрбандарын кездесуге қыз болып шақырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thisinterestsme.com © thisinterestsme.com

БАҚ мюхендік атқыштың аты-жөнін жариялады. Spiegel апталық басылымның мәліметі бойынша, ол - Давид С. Ұлты ирандық, Германияда туып-өскен делінеді. Осындай мәліметтерді Telegraph басылымы да жазып отыр. Ер адам қайғылы оқиға болған жерге, яғни сауда орталығына адамдарды алдап шақырған.

18 жастағы жігіт оқиғаға дейін Facebook желісінде шақырту жариялаған. Жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат төртте "Олимпия" сауда орталығына келіп, адамдарға қымбат емес бір зат алып беретіндігін айтқан. Алайда шақыртуды ирандық Селина Аким есімді қыздың атынан жариялаған. Ол өзінің жалған парақшасында "Бүгін сағат төртте "Олимпия" сауда орталығындағы "Макдональдсқа" келіңіздер. Мен сіздерге қалағандарыңызды алып беремін, тек аса қымбат болмаса" деп жазба қалдырған. Қыз баланың атынан жарияланған жазбаға 6 адам ұнату басып, 36 қолданушы бөліскен.

Кездесуге келген адамдар қаза болғандар мен жарақат алғандар қатарында бар. Барлығы Давидті қосқанда 10 адам қаза тапқан, 16 адам зардап шеккен.

Тергеушілердің пайымдауынша, ирандық атысты діни себептерді басшылыққа ала отырып ұйымдастырған. Бұл туралы немістің ARD телеарнасы хабарлайды. Құқық қорғау органдары оның әкесін жауап алу үшін полицияға жеткізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети