19 желтоқсан 2021 11:33

Нидерландыда омикронға байланысты локдаун енгізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Нидерланды премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рютте, COVID-19 омикрон штамының таралуына байланысты елде рождество және жаңа жыл мерекелері тойланбайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Омикрон штамы біз күткеннен де тез таралып жатыр", - деді Рютте сенбі күні баспасөз мәслихатында.

Локдаун 19 желтоқсанда күшіне еніп 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Осы кезеңде ең қажетті тауарларды сататындардан басқа бар, мейрамхана, дүкен, кинотеатр, театр, мұражай, спорт залдары жабылады.

Шаштараздар мен сұлулық салондары да жабылады, Рождестволық базарлар да тоқтатылады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар, кітапханалар, жанармай құю станциялары мен автомектептер ғана ашық болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети