31 мамыр 2021 09:07

Нигерияда белгісіз біреулер 200 оқушыны ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Global Look Press / Blinkcatcher / blickwinkel © Global Look Press / Blinkcatcher / blickwinkel

Нигерияның Нигер штатында қарулы жауынгерлер мектепке шабуыл жасап, 200-ге жуық оқушыны ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Нигерияның Нигер штатында қарулы жауынгерлер мектепке шабуыл жасап, 200-ге жуық оқушыны ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Punch газетінің мәліметінше, жауынгерлер Тегина қаласындағы мектепке жексенбіде түстен кейін шабуыл жасаған. Олар оқ жаудырып, салдарынан екі адам жараланды. Олардың біреуі қайтыс болды, ал екіншісінің жағдайы ауыр.

Нигер билігі шабуыл болғанын растады, бірақ ұрланған балалардың нақты саны анықталмағанын мәлімдеді.

Нигерияда оқушылар алғаш рет ұрланып отырған жоқ. Шабуылдаушылар оларды босату үшін көбіне төлем талап етеді.

Жыл басынан бері, БАҚ мәліметі бойынша, Нигерияда 700-ге жуық оқушы ұрланған. Елдің солтүстігінде наурыздан бастап 600-ден аса мектеп жабылды. Билік барлық оқу орнында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети