11 мамыр 2020 17:58

Нью-Йоркте 3 бала белгісіз вирустан көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ-тағы Нью-Йорк штатында сирек кездесетін қабыну синдромы ауруынан 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің болжамынша, балалар коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл олардың денсаулығын нашарлатқан.

"Денсаулық сақтау департаменті 73 жағдайды тергеп жатыр. Болжам бойынша коронавирусқа байланысты балалардан жаңа аурудың белгісі анықталды. Салдарынан 5 және 7 жастағы балалар мен жасөспірім қайтыс болды. Аурудың белгілері уытты шок синдромына ұқсас. Алайда COVID-19 вирусына байланысты деректер респираторлық сипатқа ие", - дейді ол.

Сонымен қатар, губенатор осы уақытқа дейін коронавирус балалар үшін қауіпті емес ауру болып келгенін атап өтті.

"Енді біз сенімді емеспіз. Алайда осы уақытқа дейін бұл аурулар жаңа коронавирус індетімен байланыстырмаған едік", - дейді Эндрю Куомо.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети