1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Өлсем, айтып бар". Жұртты алаңдатқан видеодағы ер адам аман, ол мас болған

Әлеуметтік желілерде Бішкек тұрғынының әсерлі видеосы таралып жатыр. Ролик Қырғызстанда түсірілген. Онда волонтер қыз ауруханаға алып келген ер адам қайтыс болғанын және оған ешкім көмектеспегенін айтып жылаған. Алайда елдің Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп, ер адамның қайтыс болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды AkiPress.

Милиция өкілдерінің айтуынша, видео жарияланғаннан кейін ІІМ ер адам Бішкектің қай ауруханасына түсіп, көмек ала алмағанын анықтау үшін тексеріс жүргізген. Бұл дерек бірыңғай реестрге де тіркеліпті.

Тергеу барысында волонтер София-Айдана Мурзаева 16 шілдеде сағат 22.50-де Ак-Орго тұрғын үй массивінде адамның есінен танып қалғаны туралы хабар келгенін айтқан.

Оқиға орнына келген еріктілер тыныс ала алмай отырған ер адамның отырғанын көрген. Оны түнгі стационарға жеткізген. Ерікті қыз стационарда орын болмағанын айтқан, тыныс алдыру аппаратына қосу туралы өтініш айтылып, стационарға жеткізілген. Сосын қыз 10 минуттан кейін әлгі ер адам қайтыс болғаны туралы хабар алғанын жеткізген. Жүрегі тоқтап қалғаны туралы хабар алған. 

Алайда ер адам аман екені анықталды. Ол Ат-Башы тумасы 45 жастағы Жоломан Карымшаков болып шықты. 

"16 шілдеде түнгі он шамасында мас болдым. Қысымым көтеріліп, жол үстінде жатып қалдым. Еріктілер келіп, ауруханаға жеткізді. Бірнеше рет талып қалдым. Есімді жиған бәр сәтте волонтер қызды көрдім. Оған қарап: Менің қызыммен қатарлас екенсің, қызымды өте қатты жақсы көремін, өлім қалсам, оны жақсы көретінімді жеткізші" дедім. Сосын тағы талып қалдым. Сосын көзімді ашсам ауруханада система алып жатыр екенмін. Таусылған соң үйіме қайтып кеттім", - дейді Карымшаков.

Ол жағдайының жақсы екенін айтты. 

"Қазіргі уақытта соталды өндіріс бойынша тергеу шаралары аяқталды, іс тоқтатылады", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!