08 сәуір 2021 09:25

Ондаған түрік әскериі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Murad Sezer © REUTERS/Murad Sezer

Анкара соты 2016 жылдың шілдесінде ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы шыққан әскерилерді өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Анкара соты 2016 жылдың шілдесінде ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы шыққан әскерилерді өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Алты әскери, оның ішінде, майор, полковник және подполковниктер өмір бойына сотталды. Бұл ең қатал жазалау шарасы, мұндай жағдайда бостандыққа шығу мүмкін емес. 

Тағы 32 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 106 адам 6-16 жыл аралығында әртүрлі мерзімге сотталды.  

Бірнеше айыпталушы 7 сәуірде өткен отырыста 2016 жылдың шілдесінде Анкарадағы мемлекеттік телекомпания TRT штаб-пәтерін басып, жүргізушілерден олардың өтінішін оқып беруді талап еткені үшін айыпталды. 

Судья бұрынғы подполковник Үміт Генчерді конституциялық тәртіпті бұзғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Экс-майор Федакар Акджа төңкеріс әрекеті жасалған түні күзет полкін басқарғаны үшін ауырлататын өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті 2016 жылдың шілдесінде болған еді. Ресми мәліметтерге сәйкес, сонда 250-ден аса адам қайтыс болды, тағы екі мыңға жуық адам жарақат алған. Түркия билігі 1999 жылдан бері АҚШ-та қуғынға ұшыраған исламдық радикал уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің қозғалысына наразылық білдірген. Гүленнің өзі бүлікке қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарады.

Бүлік басылғаннан кейін Түркия билігі оппозицияға қысым жасауды күшейтті. Бүкіл ел бойынша жүздеген сот отырысы өтті. Тергеу барысында 300 мыңға жуық адам ұсталды, 100 мыңға жуық адам қамауға алынды, 140 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылды. 

Былтыр 31 желтоқсанда Ердоғанды биліктен тайдырмақ болған деген айыппен 92 адам өмір бойына сотталған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети