30 мамыр 2023 11:38

Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстан президенттігіне үміткерлер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес президенттікке кандидат ұсынуға тек саяси партиялар ғана құқылы. 15 мамырда Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы елде жұмыс істейтін бес саяси партияға алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясы мен "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") демократиялық партиясы бірлесіп президенттікке кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевті ұсынды, Халықтық-демократиялық партия бұл қызметке өзінің көшбасшысы - Улугбек Иноятовты, Экологиялық партия – төрағасы Абдушукур Хамзаевты, "Адолат" ("Әділет") социал-демократиялық партиясы – Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары Робахон Махмудовты ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети