17 тамыз 2021 15:36

Өзбекстан "Талибан" қозғалысы өкілдерімен тығыз байланысы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және ел ішінде бірегей үкімет құру ниетін қолдайды. Бұл туралы республиканың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және ел ішінде бірегей үкімет құру ниетін қолдайды. Бұл туралы республиканың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство билік транзиті консенсус негізінде және халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларын ескере отырып жүзеге асырылуы үшін Дохадағы ауғанаралық келіссөздер шеңберінде бейбітшілікке үміт білдірді.

"Осы бағыттағы ахуалдың дамуы ұлттық келісімге қол жеткізуге және қуатты әрі іс-әрекетке қабілетті мемлекет қалыптасуы үшін жағдай жасауға әкелетініне сенімдіміз.

Өзбек тарапы Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көрші қарым-қатынасты қолдауға және көрші елдің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына адалдығын мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның Кабул мен Мазари-Шарифтегі дипломатиялық миссиялары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Өзбек тарапы шекараларды күзету және шекара аймағындағы тыныштықты сақтау мәселелері бойынша "Талибан" қозғалысының өкілдерімен (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, "Талибан" қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған) тығыз байланыста.

Сондай-ақ мемлекеттік шекараны бұзудың кез келген әрекеті Өзбекстанның заңнамасына сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдейміз", - деді Республика СІМ өкілі.

Айта кетейік, Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұған дейін Telegram-каналында сенбі және жексенбіде Ауғанстанның 585 қарулы әскери қызметшісі отырған 22 ұшақ мен 24 тікұшақ ел шекарасынан заңсыз өткенін хабарлаған болатын. Алайда, кейін хабарламаны өшіріп тастады.

Еске салайық, тәліптер елдегі билікті тез басып алуына байланысты Ауғанстан астанасы Кабулда дүрбелең болып жатыр. 16 тамызда жүздеген адам елден кетуге тырысып, Кабул әуежайына жиналған.

Кейінірек жұрт елден кетуге тырысып, ұшақтың қаптамасына жабысып жатқаны түсірілген видео пайда болды. БАҚ әуежайдағы тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды. Олардың қатарында америкалық әуе кемесінің шассиіне жармасқандар да бар.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети