28 қараша 2020 09:46

Өзбекстанда күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет Иллюстрациялық сурет

Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерді. Бірнеше әйел қызды мәжбүрлеп шешіндіріп, тексеру рәсімін видеоға түсірген, - деп хабарлайды UPL.uz.


Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерді. Бірнеше әйел қызды мәжбүрлеп шешіндіріп, тексеру рәсімін видеоға түсірген, - деп хабарлайды UPL.uz.

Оқиға биыл 7 қазанда Үргеніш қаласында болған. Ал түсірілген видео қарашаның соңында Желіге тараған. 

Мәліметтерге сәйкес, үйлену тойынан кейін жігіт қалыңдығының қыздығына күдіктенген. Осылайша туыстары "сараптама" жасаған. Жол бойы қызды қорлап, жауап алған.

Қыздың өгей әкесі бәрі бопсалау мақсатында ұйымдастырылған деп санайды. "Орынсыз жағдайлар болды. Бәрі алдын ала жоспарланғаны анық. Кімнің қыстауында түн ортасында медициналық қолғап болады? ... Бұған көз жұма салайық. Бірақ Интернетте видеоны жариялай отырып, олар барлық хорезмдіктерді ұятқа қалдырды. Адамдар тіпті Түркиядан қоңырау шалып, көмек ұсынды", - дейді Нуриддин Рахимов.

Оның айтуынша, күйеу бала бұрын зорлық жасағаны үшін сотталған екен, ал қалыңдықтың отбасы бұл туралы үйлену тойынан кейін ғана білген. Ер адам күйеу жігіт жағы үйлену тойына ақша да талап еткенін, оны бере алмағаннан кейін олар видеоны Желіге жариялағанын айтты.

Eltuz.com басылымның ақпараты бойынша, видео түсірген адамдар ұсталған. Тергеу тоғыз адамға қатысты жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети